Жалғыз қатысушы Серіктестіктің қызметін басқаруға қатысады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Серіктестік Жарғысымен оның құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешеді.
Жалғыз қатысушы Серіктестіктің қызметіне байланысты кез келген мәселені қарау үшін қабылдауға құқылы.
Жалғыз қатысушы Заңмен өзінің айрықша құзыретіне жатқызылмаған өкілеттіктерді жалғыз атқарушы органға - Серіктестіктің бас директорына немесе Байқау кеңесіне беруге құқылы.
«СҚ Бизнес Сервис» ЖШС Атқарушы органының қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін құрамында үш адамнан тұратын Серіктестіктің Байқау кеңесі құрылды.
«QazCloud» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының ақпараттық деректерін қорғау, виртуалды ІТ ресурстарын жалға алу, IT-инфрақұрылымды қолдау, қызмет көрсету және жаңғырту бойынша қызмет көрсететін сервистік компания.