Байқау кеңесі

Ғибрат Қайратұлы Ауғанов

Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор / БК ТӨРАҒАСЫ

Әсел Рүстемқызы Қарашева

Корпоративтік хатшының орынбасары – Қызмет басшысы / БК МҮШЕСІ

Хашиева Лидия Магамедовна

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ САЛЫҚ САЛУ СЕКТОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ / БК МҮШЕСІ

«СҚ Бизнес Сервис» ЖШС Атқарушы органының қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін құрамында үш адамнан тұратын Серіктестіктің Байқау кеңесі (бұдан әрі – Байқау кеңесі) құрылды. Байқау кеңесінің мүшелерін Жалғыз қатысушы үш жылдан аспайтын мерзімге сайлайды. Байқау кеңесінің құрамы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуімен айқындалған.

Серіктестіктің Байқау кеңесінің отырысында шешімдер отырысқа қатысқан Байқау кеңесі мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады.

Байқау кеңесінің құзыретіне келесі мәселелерді шешу кіреді:

  1. Серіктестіктің Атқарушы органының қызметін бақылау;
  2. Серіктестік қызметінің басым бағыттарын айқындау;
  3. Серіктестіктің даму стратегиясын, Серіктестіктің бизнес-жоспарын және Серіктестік бюджетін бекіту, сондай-ақ Серіктестіктің Бизнес-жоспарын дамыту және іске асыру стратегиясын іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
  4. Серіктестік жұмыскерлерінің штат санын және ұйымдық құрылымын, Серіктестік жұмысерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидаларын бекіту, лауазымдық айлықақылардың мөлшерін, бас директор мен оның орынбасарларына еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттарын айқындау;
  5. Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің құрамы мен көлемін және оны қорғау тәртібін айқындау;
  6. Серіктестік бюджетін қалыптастыру және атқару қағидаларын бекіту;
  7. Серіктестіктің жылдық есебін бекіту;
  8. Тұрақты даму саласындағы құжаттарды, оның ішінде Серіктестіктің тұрақты дамуы жөніндегі есебін бекіту;
  9. Серіктестіктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары мен тәсілдерін айқындау, тәуекелдердің тіркелімі мен картасын, тәуекелдерге ден қою жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ тәуекелдер бойынша есептерді бекіту.