Сапалы және инновациялық сервистерді одан әрі дамыта отырып, корпоративтік функцияларды орталықтандыру, бейіндік құзыреттердің тұрақты өсуі, Қор тобының компаниялары үшін сараптаманы күшейту үшін сапалы қызметтер көрсету.
Стратегия
Өз қызметінде «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Жалғыз қатысушысы қойған стратегиялық мақсаттарды басшылыққа алады.
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС дамытудың стратегиялық басымдықтары – Қор тобының компанияларымен, оның ішінде өндірістік активтермен сапалы және тиімді өзара іс-қимыл жасау есебінен Компанияның қаржылық тұрақтылығын нығайту және оның операциялық тиімділігін арттыру.
ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ
Корпоративтік функцияларды орталықтандыру және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметін тиімді бизнес-қолдауды қамтамасыз ету мақсатында сапалы қызметтер көрсету.
Осы тармақта көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Серіктестік келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
комплаенс бойынша құзыреттер орталығы;
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның активтерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі Бірыңғай оператордың функциясын іске асыру;
SAP келісімімен ақпараттық технологиялар және сенімгерлік басқару саласында қызметтер көрсету;
құжаттарды автоматтандырылған архивтік сақтау;
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының операциялық функцияларын орталықтандыру бойынша жалпы қызмет көрсету орталығы