Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
қолданыстағы заңнамасының және «Самұрық-Қазына» АҚ-тың портфельдік компанияларындағы
комплаенс функциясы бойынша корпоративтік стандарттың талаптарына сәйкес комплаенс
функциясының бизнес-процестерін орындауды қамтамасыз ету.
Серіктестікте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарына және
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компанияларындағы комплаенс функциясы бойынша корпоративтік
стандарттың талаптарына сәйкес 2019 жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс
қызметі толыққанды жұмыс істейді.
Комплаенс саласындағы қызметтің негізгі бағыттары:
Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүктелген функционалды
орындау кезінде компанияның құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды тұлғаларына кеңес беру және
әдіснамалық қолдау көрсету, оның ішінде:
- компания процестерінде комплаенс саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу;
- компания ішінде және үшінші тараптармен қарым-қатынаста іскерлік этиканың белгіленген
нормаларын ұстану;
- сыртқы талаптардың тұрақты мониторингі, компанияның жұмыс істеуіне реттеушілік өзгерістердің
әсерін бағалау және қажетті шараларды қабылдау;
- процестердегі тәуекелдердің сәйкестігін талдау және бағалау;
- ықтимал мүдделер қақтығысы жағдайларын анықтау және реттеу;
- үшінші тараптармен өзара әрекеттесу;
- бастамашыл ақпараттандыру жүйесі шеңберінде алынған ақпаратқа тексерулер мен тергеулер
жүргізу және т.б.
- Бастамашыл ақпараттандыру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және келіп түскен
хабарламаларға тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;
- Құрылған комплаенс жүйелердің тиімділігіне мониторинг жүргізу;
- Компания ішіндегі комплаенс мәселелері бойынша коммуникацияларды жүзеге асыру, сондай-ақ
қажет болған жағдайда өз құзыреті шегінде клиенттермен, әріптестермен, мемлекеттік
органдармен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау;
- Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша компания жұмыскерлерін
оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Компанияда орталықтандырылған комплаенс процестер мен жүйелерді енгізуді қамтамасыз ету;
- Басқару органының шешіміне сәйкес процестер иесінің функцияларын жүзеге асыру;
- Мониторинг жүргізу және басқару органына комплаенс жүйелерінің жұмыс істеуі туралы
ақпаратты, сондай-ақ оларды жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру.
2022 жылғы 24 ақпанда Қор Басқармасымен бекітілген (№ 10-р хаттама) «Самұрық-Қазына» АҚ
реформалау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін
Кеңейтілген жол картасына сәйкес 2022 жылдың басында Серіктестік базасында «Самұрық-Қазына» АҚ
тобының Комплаенс құзыреттілік орталығы құрылды.
Комплаенс құзыреттілік орталығының функцияларына мыналар
жатады:
- Қордың портфельдік компанияларындағы комплаенс функциясын әдіснамалық қолдау және сүйемелдеу;
- Комплаенс бағдарламасының жекелеген элементтерін автоматтандыру;
- Портфельдік компаниялардағы комплаенс функцияларының жетілуін бағалау;
- Қор компаниялары тобының деңгейінде мүдделес тұлғалардың тізімдерін қалыптастыруға және мүдделер қақтығысын декларациялауға орталықтандырылған бақылау жасау және жүргізу;
- Қор тобы компанияларының процестеріне ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» және ISO 37301 «Сәйкестікті басқару жүйесі» талаптарын енгізу.
Бұдан басқа комплаенс институтын дамыту шеңберінде топта негізгі мақсаты Қазақстан
Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнамасының және
«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларындағы комплаенс функциясы бойынша корпоративтік
стандарттың талаптарына сәйкес комплаенс функциясының бизнес-процестерін орындауды қамтамасыз
ету болатын Қор тобының компаниялары үшін комплаенс функциясының аутсорсингі бойынша жоба іске
асырылуда.