«Самұрық-Қазына» АҚ тобының ұйымдарындағы операциялық (бейінді емес) функцияларды «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС базасындағы жалпы қызмет көрсету орталығына орталықтандыру
Экономикалық жағдайдың нашарлауына және «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен компаниялар тобының негізгі қызметін іске асыруға байланысты емес шығыстарды оңтайландыру жолымен түйінді бизнестің тиімділігін арттыру қажеттілігіне байланысты. «Самұрық-Қазына» АҚ тобының ұйымдарындағы Жаңғырту жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – ЖК) жалпы қызмет көрсету орталығын құру жөніндегі халықаралық холдингтердің тұжырымдамасы мен тәжірибесіне сүйене отырып, 2020 жылғы 28 мамырда «Самұрық-Қазына Бизнес Сервисі» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) базасында жалпы қызмет көрсету орталығына операциялық (бейінді емес) функцияларды орталықтандыру жөніндегі іс-шараны іске асыру мақсатында қайта құру бағдарламасын бекіту туралы шешім қабылданды.
Операциялық функцияларды Серіктестік базасында Қорды трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылатын жалпы қызмет көрсету орталығын (бұдан әрі – ЖҚО) орталықтандыру жөніндегі іс-шараға сәйкес енгізу кезеңдеріне бөле отырып, орталықтандырылатын функциялардың тізбесі айқындалды.
ЖҚО іс-шарасының бірінші кезеңінде әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету, жұмыскерлерді тасымалдау, жазбаша аудармалар, сатып алуды ұйымдастыру бағыты қалыптастырылды. Іс-шараны іске асыру периметрі «Жасыл орам» БО ғимаратында орналасқан 15 компаниямен анықталды.
2021 жылғы 26 қаңтарда Мемлекет басшысымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында бухгалтерия, кадрлар, сатып алулар және т.б қосалқы функцияларды орталықтандыру бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибесін мемлекеттік секторға тарату тапсырылды.
Қазіргі уақытта Серіктестік базасындағы ЖҚО қызметтің мынадай бағыттарын қамтиды:
CIMA
ACCA
IPMA