Компания туралы

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

Сапалы және инновациялық сервистерді одан әрі дамыта отырып, корпоративтік функцияларды орталықтандыру, бейіндік құзыреттердің тұрақты өсуі, Қор тобының компаниялары үшін сараптаманы күшейту үшін сапалы қызметтер көрсету.

Стратегия

Өз қызметінде «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Жалғыз қатысушысы қойған стратегиялық мақсаттарды басшылыққа алады.
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС дамытудың стратегиялық басымдықтары – Қор тобының компанияларымен, оның ішінде өндірістік активтермен сапалы және тиімді өзара іс-қимыл жасау есебінен Компанияның қаржылық тұрақтылығын нығайту және оның операциялық тиімділігін арттыру.

ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ

Корпоративтік функцияларды орталықтандыру және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметін тиімді бизнес-қолдауды қамтамасыз ету мақсатында сапалы қызметтер көрсету.

Осы тармақта көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Серіктестік келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • комплаенс бойынша құзыреттер орталығы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның активтерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі Бірыңғай оператордың функциясын іске асыру;
  • SAP келісімімен ақпараттық технологиялар және сенімгерлік басқару саласында қызметтер көрсету;
  • құжаттарды автоматтандырылған архивтік сақтау;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының операциялық функцияларын орталықтандыру бойынша жалпы қызмет көрсету орталығы