2022 жылғы 24 ақпанда Қор Басқармасы бекіткен «Самұрық-Қазына» АҚ-ны реформалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін Кеңейтілген жол картасына (№ 10-р хаттама) сәйкес Серіктестік базасында «Самұрық-Қазына»АҚ Комплаенс тобының құзыреттілік орталығы құрылды
2022 жылы Компания құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша «Құжаттарды орталықтандырылған архивтік сақтау» жобасының Операторы қызметін жалғастырып, архивтік құжаттарды сканерлеуді және цифрлауды бастады. Сонымен қатар «Электрондық архив» ақпараттық жүйесін жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, оны жобаның периметріне кіретін Қор компанияларында кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.
Қор тобының компанияларын жаңғырту жөніндегі кеңестің 2020 жылғы 28 мамырдағы шешіміне сәйкес «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС базасында жалпы қызмет көрсету орталығына операциялық функцияларды орталықтандыру» бағдарламасы бекітілді.
Қор тобының компанияларын жаңғырту жөніндегі кеңестің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешіміне (№ 03/20 хаттама) сәйкес «Құжаттарды орталықтандырылған архивтік сақтау» іс-шарасын іске асыру бағдарламасы бекітілді, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС атынан оператор анықталды, Қор тобының 63 компаниясынан тұратын ұйымдастыру периметрі бекітілді.
Қордың өз қызметін, оның ішінде ақпараттық технологиялар және бағдарламалық қамтылымды сатып алу саласындағы қызметін қайта құру және трансформациялау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына байланысты Қор компаниялары тобы үшін аталған функцияларды орталықтандыру және шоғырландыру үшін Қызметтің негізгі түрін өзгерте отырып, компания қызметін өзгерту туралы шешім қабылданды.
2016 жылғы 22 сәуірде Қор Басқармасының шешімімен қызмет түрін өзгерте отырып, компанияның Жарғысына өзгерістер, сондай-ақ компанияның атауын «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС деп өзгерту қабылданды.
Қайта тіркелген сәттен бастап Компания қызметінің негізгі бағыты: Қорда және Қор компаниялары тобында цифрландыруды іске асыру бойынша сараптама көрсету болды.
Қор тобы үшін инфрақұрылымдық сервистік провайдер құру мақсатында 2016 жылғы 30 маусымдағы Бақылау кеңесі Компанияның «Kazakhtelecom Industrises Enterprises Services» ЖШС («QazCloud» ЖШС) жарғылық капиталындағы 51% үлесін сатып алуын мақұлдау туралы шешім қабылдады, оның негізгі қызметі бәсекеге қабілетті ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді құру және іске асыру болып айқындалды.
2016 жылғы 10 қазанда Қор Басқармасы Қор мен Компания арасында 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 122 бағдарламалық қамтылымды пайдалану және сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету құқықтарын беру туралы келісім негізінде Қор сатып алған SAP бағдарламалық қамтылым лицензияларын сенімгерлік басқару шартын жасасу туралы шешім қабылдады. Келісімде Қордың SAP клиентінің сараптама орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету міндеті көзделген.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының (бұдан әрі – Қор) 2011 жылғы 18 сәуірдегі шешіміне (№ 15/11 хаттама) сәйкес «Самұрық-Қазына Қаржы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі – Компания) құру туралы шешім қабылданды.