Бәсекелес ортаға беру қағидаларына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ
активтерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың өкілеттіктерін қамтамасыз ету
Активтерді бәсекелес ортаға беру департаментінің (бұдан әрі – Департамент) қызметі
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының
(қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы бар ұйымдардың Активтерін бәсекелес ортаға беру
қағидаларына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың
өкілеттіктерін қамтамасыз етуге бағытталған «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде
меншік құқығында тиесілі.
Департамент аталған өкілеттіктерді іске асыру аясында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- активтерді бәсекелес ортаға беру жөніндегі іс-шаралардың орындалу мониторингі;
- осы Қағидалардың 1-бөлімінің 3 және 4-тарауларында көзделген Активтерді бәсекелес ортаға беру тәртібі мен рәсімдерінің сақталуын тексеру;
- сатып алушылардың Активтерді сатып алу-сату шарттарының кейінге қалдыру талаптарын орындауын бақылау, сондай-ақ сенімгерлік басқарушының Активті кейіннен бәсекелес ортаға беруді көздейтін сенімгерлік басқару шартының талаптарын орындауын бақылау.
Көрсетілгендермен қатар:
- Активті сатып алу-сату шартының жобасын және оған қол қойылғанға дейін Активті кейіннен бәсекелес ортаға беруді көздейтін сенімгерлік басқару шартының жобасын келіседі;
- осы Қағидаларға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде анықталған барлық бұзушылықтар және оларды жою жөніндегі шаралар бойынша Салалық компанияны (Салалық компанияларға тиесілі активтерге қатысты) және Жобалық кеңсесін (барлық Активтерге қатысты) хабардар етеді;
- өткізілген және өткізілетін Активтердің бірыңғай автоматтандырылған дерекқорын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өткізудің ағымдағы мәртебесі туралы ақпаратты жаңарта отырып жүргізеді;
- активтерді бәсекелес ортаға беру аясында тартылған тәуелсіз консультанттарға шығындарды талдауды/мониторингті жүзеге асырады;
- Қағидаларда көзделген немесе олардан туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.