Тәртіптің1 3-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ерекше тәртіппен электр энергиясын сатып алу бойынша өнім берушіні таңдау мақсатында сырттай келіссөздерге қатысуға шақырамыз.
Әлеуетті өнім берушіні таңдау бойынша келіссөздер Астана қаласының уақытымен 2024 жылғы 9 ақпанда сағат 15.00-де сырттай өтеді. Өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталған әлеуетті өнім берушілердің бірінші басшылары мен олар уәкіл еткен өкілдер сырттай келіссөздерге қатысуға жіберіледі.
Электронды хат түріндегі өтінімдерді 2024 жылғы 9 ақпанда сағат 14.00-ге дейін d.shakirbekova@qazcloud.kz мекенжайына жолдау арқылы қатысуды растауды сұраймыз.
Сырттай келіссөздерге қатысуға арналған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері:
1) Бар болса бағаны төмендетуге арналған баға ұсынысы мен қосымша баға ұсынысын;
2) Әлеуетті өнім берушінің уәкілетті тұлғасы баға ұсынысына қол қою құқығына сенімхатты (баға ұсынысына бірінші басшы қол қоймаған жағдайда ұсынылады) қамтуы тиіс.
Электр энергиясы Қосшы кентіндегі Деректерді өңдеу орталығын қамтамасыз ету үшін сатылып алынады.
Қызмет көрсету мерзімі: 12 ай.
Төлем жүргізу шарттары: нақты көрсетілген қызметтер бойынша.