АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДЫ ТАҢДАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСУҒА хабарландыру (бұдан әрі — Таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салу)

АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДЫ ТАҢДАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСУҒА хабарландыру (бұдан әрі — Таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салу) 20.12.2021

«СҚ Бизнес Сервис» ЖШС және оның еншілес ұйымы «QazCloud» ЖШС (бірлесіп Тапсырыс берушілер деп аталатындар) Сізді аудиторлық қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға шақырады, оның сипаттамасы төменде толық берілген:

Тапсырыс берушілердің атауы және мекенжайлары:

«СҚ Бизнес Сервис» ЖШС (SK Business Service LLP), заңды және нақты мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ к-сі, 17/10;

«QazCloud» ЖШС (QazCloud LLP), заңды және нақты мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к-сі, 12/1.

Аудиторлық ұйымның (бұдан әрі – Қатысушы) көрсетілетін қызметтерін, аудиторлық және ілеспе көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер аудиторлық ұйымнан сатып алынатын қызметтер көлемінің сипаттамасы (есепті кезеңдер, рәсімдердің көлемі мен сипаты):

Халықаралық аудит стандарттарына (бұдан әрі — ХАС) сәйкес көрсетілетін 2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік бойынша аудиторлық қызметтер мыналарды көздейді:

«СҚ Бизнес Сервис» ЖШС үшін:

Тәуелсіз аудитордың есебін бере отырып, ҚЕХС-ке сәйкес дайындалған 2022-2024 жылдарға арналған шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептіліктің қазақстандық теңгедегі орыс тіліндегі аудиті;

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) бекіткен нысандар бойынша дайындалған 2022-2024 жылдарға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілік аудиті Қор нысандары бойынша дайындалған жылдық қаржылық есептілік топтамасының аудиті бойынша Тәуелсіз аудитордың есебін бере отырып;

2022, 2023 және 2024 жылдардағы 2-тоқсандағы жиынтық кіріс туралы есеп деректерін қоса алғанда, 2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде әрбір қаржы жылының 1-жартыжылдығы үшін Қор нысандары бойынша дайындалған қаржылық есептіліктің жартыжылдық пакетін шолу бойынша тәуелсіз аудитордың есебін бере отырып, 2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңдегі әрбір қаржы жылының 2-тоқсанына шолу тексерісін қоса алғанда, 2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде әрбір қаржы жылының 1-ші жартыжылдығында Қор нысандары бойынша дайындалған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілікке шолу.

«QazCloud» ЖШС үшін:

Тәуелсіз аудитордың есебін бере отырып, ҚЕХС-ке сәйкес дайындалған 2022-2024 жылдарға арналған жекелеген қаржылық есептіліктің қазақстандық теңгедегі орыс тіліндегі аудиті;

Тапсырыс берушілер үшін:

2022, 2023, 2024 жылдардағы 31 желтоқсанда аяқталатын жылдарға арналған жылдық қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша сыртқы аудитор ішкі бақылау, бухгалтерлік есеп, салықтық есеп жүйесіндегі кемшіліктерді, аудит процесінде анықталған қаржылық есептілікті дайындау процесіндегі кемшіліктерді егжей-тегжейлі сипаттай отырып, басшылыққа хат, сондай-ақ аудитордың оларды жою жөніндегі ұсынымдарын дайындауы тиіс.

Аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алуға бөлінген сома:

— «СҚ Бизнес Сервис» ЖШС үшін:

Кезең   ҚҚС есебінсіз, теңге      ҚҚС есебімен, теңге

2022 жыл           9 400 000           10 528 000

2023 жыл           9 400 000           10 528 000

2024 жыл           9 400 000           10 528 000

Жиыны   28 200 000       31 584 000

— «QazCloud» ЖШС үшін:

Кезең                 ҚҚС есебінсіз, теңге      ҚҚС есебімен,  теңге

2022 жыл           6 200 000           6 944 000

2023 жыл           6 200 000           6 944 000

2024 жыл           6 200 000           6 944 000

Жиыны  18 600 000       20 832 000

Қызмет көрсетуге ресми ұсыныс дайындау үшін ақпарат алу мақсатында Қатысушылардың кездесуге құқығы бар Тапсырыс берушілердің жауапты лауазымды тұлғаларының тізбесі мен байланыстары:

— Қаржы қызметінің басшысы-Бас бухгалтер – Аңдамас Әсемгүл Ешмұханбетқызы, жұмыс телефоны +7 (717) 261 — 38 — 25, ұялы телефон – + (701) 818 — 59 — 68. Электрондық мекенжайы: a.angdamas@skbs.kz.

Аудиторлық қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімі жүзеге асырылатын Тапсырыс берушілер туралы жалпы ақпарат:

Аудиторлық қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімі жүзеге асырылатын Тапсырыс берушілер туралы жалпы ақпаратты әлеуетті Қатысушылардың уәкілетті өкілдері Астана қ., Есіл ауданы, Сығанақ к-сі, 17/10, 17-қабат, 1719 каб. мекенжайы бойынша электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіштерде 2022 жылғы «14» қаңтарға дейінгі мерзімде олар құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін ала алады.

Қызмет көрсетуге арналған ресми конкурстық ұсынысқа қойылатын талаптар:

Әлеуетті қатысушылардан қызметтер көрсетуге арналған ресми конкурстық ұсыныстар мына мекенжай бойынша қабылданады: 010000 Астана қ., Есіл ауданы, Сығанақ к-сі, 17/10, 17-қабат, 1719-каб. 2022 жылғы «14» қаңтарға дейінгі мерзімде, «18» сағат «30» мин дейін.